2004-жылдың 10 айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерінің мөлшері 58 процентке артты

Міндетті сақтандыру бойынша төлемдер мөлшері 2,3 млрд. теңгені, ерікті жеке сақтандыру бойынша 1 млрд. теңгені, ерікті мүлік сақтандыру бойынша төлемдер мөлшері 1,9 млрд. теңгені құрады.

Еліміздегі сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 0,6 процентке артып, 39,2 млрд. теңгеге жетті. Сақтандыру ұйымдарының жиынтық жеке капиталы 4,2 процентке артып, 22 млрд. теңгеге, ал сақтандыру резервтері 17,1 млрд. теңге болды.
2004-жылдың 10 айында сақтандыру сыйақысының көлемі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 37,2 процентке өсіп, 33,1 млрд. теңгеге жетті. Ерікті жеке сақтандыру саласында халықтың белсенділігі артып отыр. Сақтандырудың бұл түрі бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі 66,9 процентке артты.
2004-жылғы 1-желтоқсандағы жағдаймен, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 36 сақтандыру ұйымы лицензия алған. Сондай-ақ, 8 сақтандыру брокері, 30 актуарий және сақтандыру ұйымдарына аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия алған 34 аудиторлық ұйым мен 68 аудитор тіркелген.