2004-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен Халық банкі зейнетақы қорының активтері 100 млрд. теңгеге жетті

Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры еліміздегі жетекші жинақтаушы зейнетақы қорларының үштігіне енеді. Қазіргі жағдаймен, Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының төленген жарғылық қоры 630,1 млн. теңгені құрайды. Бұл көрсеткішті биыл 1 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Резервтегі қор 230,8 млн. теңгеге тең. Қордың жеке қоры 1 269,6 млн. теңгені құрайды.