2004-жылдың 1-наурызында елімізде жинақталған зейнетақы қаржысы 378,9 млрд. теңге болды

Е.Бахмутованың айтуынша, 2004-жылдың наурызында таза инвестициялық кіріс 98,1 млрд. теңге болды. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында таза инвестициялық кіріс көлемі 1,1 млрд. теңгеге азайды. Бұл 2004-жылдың 1-ақпанындағы жағдаймен зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынының 20,49 проценті АҚШ долларымен, 4,77 проценті евромен деноминацияланған бағалы қағаздардан тұруына байланысты. ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2004-жылдың қаңтар айында АҚШ долларының теңгеге шаққандағы нарқы 144,22 теңгеден 139,41 теңгеге дейін, ал ал евро 180,23 теңгеден 172,41 теңгеге дейін арзандады.

Зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінде таза инвестициялық кірістің қазіргі үлесі 25,9 процентті құрайды.
Е.Бахмутованың айтуынша, жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша нақты кірістің орташа коэффиценті 2003-жылғы ақпан-2004-жылғы ақпан аралығында (-0,73%) болды.