2004-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Ақтөбелік жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 10 млн. теңге берешек

Оның айтуынша, өз қызметкерлері алдында ірі көлемде қарыздар болып қалған ұйымдар арасында "Прикаспий БурНефть-Казахстан" ЖШС (биылғы жылдың 31-шілдесіндегі жағдаймен қарызы 7 млн. теңгені құрайды), жарылғыш заттар өндіруші "Неохим" ЖШС (қарызы 1,5 млн. теңге) т.б. кәсіпорындар бар.

Еңбек туралы заң талабын бұзушылардың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Соның нәтижесінде департаменттің күшімен қарыздың 65 проценті өтелді.
Б.Нұрлыбековтың айтуынша, жалпы алғанда 2004-жылдың қаңтар-шілде айларында Ақтөбе облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне жергілікті кәсіпорын қызметкерлерінен 200-ден астам шағым келіп түскен. Бұлар негізінен жалақыны дер кезінде бермеу және жұмыстан заңсыз шығаруға байланысты арыздар.
Сондай-ақ, тексеру барысында еңбек қорғаушы инспекторлар Ақтөбе облысындағы 607 кәсіпорыннан 3197 түрлі заңсыздықтарды әшкереледі.
2004-жыл басынан бергі осындай тексерулер нәтижесінде Ақтөбе облысындағы 80 жұмыс беруші, кәсіпорын басшылары мен басқа да лауазым иелеріне 900 мың теңгенің айыппұлы жүктелді.