Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, жалпы тасымалданған мұнай көлемінің басым бөлігі Махачкала бағытында жөнелтілген. 9 айда аталмыш бағыт бойынша 1 млн. 795 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл жоспарланған деңгейден 44,2 процентке артық .
Ақтау-Нека (Иран) бағытында 1 млн. 113 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2003-жылғы 9 айдағыдан 23,7 процент артық.
Биылғы жылдың мамыр айында компания Баку арқылы Ақтау айлағы мен Батуми порты арасындағы мультимодальды бағыт бойынша мұнай тасымалдауды қайта жандандырды. Есепті мерзімде бұл бағыт бойынша 170 мың тонна мұнай тасымалданды. 2003-жылы бұл бағытта мұнай тасымалданған жоқ.
2004-жылдың басынан бері "Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық кеме қатынасы компаниясы" АҚ-ның Ақтау айлағындағы №9 мұнай причалы арқылы 2 млн. 302 мың тонна мұнай жөнелтілді. Ақтау айлағынан тасымалданған мұнай көлемінің жартысынан астамы (51 проценті) компания кемелерінің үлесіне тиді.