2004-жылдың 9 айында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі 26 млн. тоннадан астам темір кенін өндірді

Тауарлық кен өндіру мөлшері 11,3 млн. тоннадан асты. Бұл 2003-жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштен 550 мың тоннаға артық. Жалпы өндірілген өнім көлемінде тауар түріндегі концентраттың үлес салмағы 3,8 млн. тоннаны құрады.

Негізгі тауар тұтынушыларға (Қазақстан, Ресей және Қытайлық металлургиялық комбинаттарға ) жөнелтілген кен көлемі 10,8 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылғы жөнелтілген көлемнен 4,6 процент артық.