2004-жылдың алғашқы жартысында Ақтөбе облысындағы жолдарда 33 адам мерт болды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда облыс жолдарындағы жол апаттарының саны 20 процентке, зардап шеккендер саны 16 процентке артты.

Есепті мерзімде жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзуға байланысты 24267 дерек әшкереледі. Автокөлік иелерінен 4219 адамға көлікті құжатсыз мінгені үшін айыппұл салынды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылу жиілігіне қарай екінші орында ақаулы техниканы мінетін жүргізушілер (барлығы 2130 адам жауапкершілікке тартылған), үшінші орында жол белгілеріне мән бермегендер (1762 адам) келеді. Сондай-ақ, жылдың алғашқы жартысында көлікті мас күйінде айдаған 1570 жүргізуші ұсталды.