"Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері ауру көрсеткіштерін қалыпты мөлшерден асырмауға тырысып бағуда",- деді А.Белоног.
Вице-министрдің ақпаратына сенсек, 2004-жылдың алғашқы жартысында елімізде туберкулез ( 5,3%), жұқпалы іш аурулары ( 8,9%), сальмонеллез ( 16,6%), вирусты гепатит ( 16,9%), қотыр ( 21,2%), менингококк инфекцисы ( 27,9%), эпидемиялық паротит (3,2 есе), тұмау (5,7 есе) дерттеріне шалдығу көрсеткіштері төмендеді. ВИЧ індетімен және жыныстық жолмен жұғатын дерттермен ауыру азайды,- деді А.Белоног.
Бұған қоса биылғы жылдың 6 айында елімізде жұқпалы дизентерия дертіне шалдығу көрсеткіші 44,2 процентке, бруцеллезге шалдығу көрсеткіші 9,7 процентке, кене энцефалиті 2,3 есе өсіп отыр. Сонымен қатар, А.Белоногтың айтуынша, өткен 6 айда улану, тамақтан улану және жұқпалы аурулардың белең алу көріністерін тіркеуге қатысты ахуал күрделілене түсті.