Ә.Сәйденовтың айтуынша, "ақпан айында инфляция қарқыны бәсеңдей түсті". Азық-түлік тауарларының бағасы 0,7%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,1%-ке, ақылы қызметтер құны 0,3%-ке қымбаттады.
2004-жыл басынан бері инфляция деңгейі 1,1%-ті (2003-жылдың қаңтар-ақпан айларында 1,5%) құраса, түлік тауарларының бағасы 1,9%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,1%-ке, ақылы қызметтер құны 0,5%-ке қымбаттады.
2004-жылдың ақпан айында қаңтар айындағыдай жылдық инфляция деңгейі 6,4 процентті құрады.