2004-жылдың басынан бері Семей өңірінде түзету мекемесінің 58 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Оның айтуынша, "қылмыстық-түзету жүйесі қызметкерлерінің басым бөлігі төтенше жағдайға жол бергені, шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі заңды дер кезінде қолданбағаны және адамдарды айыппұл изоляторына заңсыз қамағаны үшін жауапкершілікке тартылған".

А.Серғазиннің айтуынша, қылмыстық жазаның орындалуын реттейтін заңдардың қолданылуын қадағалау барысында 158 тексеру, соның ішінде 18 кешенді тексеру жүргізілді. Олардың 140-тан астамы түзету колонияларында, 14-і тергеу изоляторында, 3-і қылмыстық-атқару инспекцияларында жүргізілді. Тексеру барысында 107 заң бұзу оқиғасы тіркеліп, олардың қорытындысы бойынша сотталғандардың жазадан бұлтару дерегіне сәйкес 16 қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура тарапынан қозғалтылған 16 қылмыстық істің 9-ы сотқа жіберіліп, олар бойынша айыпталушылар жаза жүктесе, қалған істер қылмыскерлерді іздестіруге байланысты уақытша тоқтатылған.
Сондай-ақ, тексерулер барысында 42 таныстыру, 26 нұсқау, 53 наразылық құжаттары әзірленіп, айыппұл изоляторынан 3 адам босатылды. Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша түзету мекемесінің 58 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
А.Серғазиннің айтуынша, аймақтағы түзету мекемелерінде айрықша ауыр заң бұзу оқиғалары тіркелген жоқ. "Соңғы уақттарда болған жалғыз төтенше оқиғаға келсек, биылғы жылдың басында Семейдегі 11-ші колонияда жазасын өтеуші бір адам қашуға әрекет жасап, ұсталған сәтте өз-өзіне қол жұмсады",- деді прокурор.
Оның айтуынша, түзету мекемелеріндегі басты проблема - бұрынғыдай сотталғандардың жұмыссыз отыруы болмақ. "Мәселен, Семейдегі 35-ші абақтыда қамауда отырған 1800 тұтқынның небәрі 10 проценті ғана қоғамдық пайдалы жұмыспен қамтылған",- деді прокурор. "Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтамасыз ету проблемасы үкіметтік деңгейде шешілуі тиіс. Ол үшін тым құрыса алдағы жылдың бюджетінде арнаулы қаржы қарастырып, мемлекеттік немесе жеке тапсырыстарды жүзеге асыру қажет",- деді ол.
А.Серғазиннің айтуынша, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы түзету мекемелерінің санына қарай республика бойынша бірінші орында тұр. Шығыс Қазақстан облысында 13 түзету мекемесі мен 2 тергеу абақтысы орналасқан.