2004-жылдың мамыр айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының жиынтық жеке капиталы 0,6%-ке өсіп, 16,9 млрд. теңгені құрады

2004-жылғы бастапқы бес айында сақтандыру сыйақысының көлемі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 5,3 млрд. теңгеге өсіп, 16,0 млрд. теңгеге жетті (49,5%). Соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысының көлемі 2,1 млрд. теңгеге жетті (1,1 млрд. теңгеге немесе 110,0% артық).

Ерікті жеке сақтандыру сыйақысы 1,7 млрд. теңге ( 0,8 млрд. теңге артық (88,9%)), ерікті мүлік сақтандыруы бойынша 12,2 млрд. теңге (3,4 млрд. теңгеге артық (38,6%)) болды.
Сақтандыру төлемдерінің көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 73,3%-ке артып, 2,6 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге артық. Соның ішінде міндетті сақтандыру саласы бойынша 175%-ке өсіп, 1,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,7 млрд. теңгеге артық. Ал ерікті жеке сақтандыру саласы бойынша 25,0%-ке өсіп, 0,5 млрд. теңгеге (былтырғыдан 0,1 млрд. теңге артық), ерікті мүлік сақтандыруы төлемдері 25,0%-ке өсіп, 1,0 млрд. теңгені (0,2 млрд. теңге артық) құрады.
2004-жылғы 1-шілдедегі жағдаймен, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 36 сақтандыру ұйымы лицензия алған. Соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 2 ұйым, көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласы бойынша 27 ұйым лицензияға ие. Сондай-ақ, 6 сақтандыру брокері, 30 актуарий және сақтандыру ұйымдарына аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия алған 34 аудиторлық ұйым мен 67 аудитор тіркелген. 13 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сот шешімімен еріксіз таратылу барысында.