Министрдің айтуынша, "қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет ететін дүниежүзілік жетекші қаржылық ұйымдар мен бағдарламалар бас қосуға атсалысуға алдын-ала келісім берді". Конференцияға Әлемдік банк, ЮНЕП, БҰҰ Даму бағдарламасы, ТАСИС , Ғаламдық экологиялық қор өкілдері қатысады деп күтілуде. Конференцияны ұйымдастыруға Азия Даму банкі тікелей қолдау көрсетуде.
Министрдің айтуынша, бас қосу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қоршаған ортаны қорғау бағытындағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысына арналған. Бұл кездесу де 11-маусымда Алматыда өтеді.