2004-жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда есірткіге байланысты 4,2 мың қылмыс әшкереленіп, 4 мың тоннадай есірткі заттары тәркіленді

Сондай-ақ, А.Выборов 2003-жылы есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін құқық қорғау органдарының 26 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына назар аударды. Вице-министрдің мәлімдеуінше, министрлік "өз қатарындағы қызметкерлердің осындай қылмысқа қатыстылығын бірінші кезекте" қадағалайды.

7-маусымда "Көкнәр-2004" операциясы басталғаннан бері есірткіге қатысты 100-ден астам қылмыс, соның ішінде республика аумағында ірі көлемдегі есірткі партиясын сатуға байланысты 50, тәркілеуге байланысты 10 дерек әшкереленді.
Операция мерзімінде құқық қорғау органдары 8 кило героин мен 100 кило марихуана және гашиш тәркіленді, деді А.Выборов. Оның айтуынша, есірткіге қатысты қылмыстардың көп бөлігі Алматы ,Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелді. "Көкнәр-2004" операциясы 15-қазанға дейін созылады.
Вице-министрдің айтуынша, 26-маусым - есірткі және есірткі саудасымен халықаралық күрес күнінде Астанада Елордасы, Жамбыл және Қарағанды облыстары аумағында тәркіленген есірткі заттарын жою шарасы жүзеге асырылады. Биылғы жылы заңсыз айналымнан шығарылған 300-400 килоға жуық түрлі есірткі заттары өртеледі деп күтілуде.