2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен Қазақстанда тұратын қазақтар саны 8 млн. 550 мың адамға жетті

Халықты ұлттық құрамына қарай алып қарасақ, республикада қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар мен белорустар сынды 8 ұлт өкілдері сан жағынан басым түседі. Олардың үлес салмағы жалпы Қазақстан халқының 95,6 процентін құрайды.

Халық санағынан кейінгі кезеңде республиканың негізін құрайтын қазақтардың үлес салмағы 7,1%-ке өссе, олардың абсолютті саны Қазақстан аумағында тұратын басқа барлық ұлт және ұлыстардың жалпы санынан асып түсті.
Ал 1999-2004-жылдар аралығындағы Қазақстан аумағында тұратын халықтар санының өсіміне келсек, қазақтар саны 565 мың адамға (7,1%), өзбектер саны 390 мың адамға (10,5%), ұйғырлар 126 мың адамға (6%), кәрістер 578 мың адамға (0,6%), әзербайжандар 6 мың адамға (6,8%), түріктер 7 мың адамға (9,3%) өсті. Сонымен бірге Қазақстан аумағында тұратын орыстар саны 1999-2004-жылдар аралығында 407 мың адамға (-9,1%), украиндар саны 77 мың адамға (-14,2%), немістер 115 мың адамға (-32,8%), татарлар 16 мың адамға (-6,5%), белорустар 15 мың адамға (14%) кеміді.