2004-жылғы республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені құрайды деп жоспарланды - экономика министрі

Оның айтуынша, 2004-жылы Ішкі Жалпы Өнім 4,877 трлн. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл 2003-жылғы жоспардан 500 млрд. теңгеге немесе 7 процент артық. 2004-жылғы тұтыным құнының индексі 5,4 процент деңгейінде, ал теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 153,3 теңге болады деп жоспарланды.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттің түсімі 862,2 млрд. теңгені, басқаша айтқанда Ішкі Жалпы Өнімнің 17,7 процентін құрап, 2003-жылғы жоспардан 152 млрд. теңгеге артады деп күтілуде. Ал бюджет шығыны 954,8 млрд. теңгені, яғни, Ішкі Жалпы Өнімнің 19,6 процентін құрап, 2003-жылғы жоспардан 161,8 млрд. теңгеге артады .