2004-жылғы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 855 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде

Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, республикалық бюджеттің дефициті Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9-2 проценті шамасында жоспарланып отыр. "Дефицит көлемі 2 проценттен артпайды",- деді ол.

Алайда, ақпарат көзінің айтуынша, қазіргі таңда 2004-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігі түбегейлі қалыптасқан жоқ. "Қазір министрліктер мен аймақтар арасында бюджеттік бағдарламалар төңірегінде ақырғы келісімге келу шаралары жүргізілуде",- дейді ол.
Ақпарат көзінің айтуынша, тұрақты жұмыс істеуші бюджеттік комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен таяу уақытатрда үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу межеленген. Осы отырыста 2004-жылғы бюджет жобасының барлық көрсеткіштері түбегейлі келісіледі. Республикалық бюджеттің жобасы осыдан кейін парламент қарауына тапсырылады.
Заң бойынша, республикалық бюджеттің жобасы парламентке 15-қыркүйектен кешіктірілмей парламентке табысталуы тиіс.