2004-жылы республикалық бюджетке аударылатын бюджеттік төлем мөлшері 31,5 млрд. теңгені құрайды. Ал республикалық бюджеттен Алматы қалалық бюджетіне аударылатын трансферттер көлемі 5,1 млрд. теңгені құрайды.
Алматы қалалық бюджетінде мемлекеттік қызмет көрсету және мелмекеттік мекемелерді қаржыландыруға 1 млрд. теңгеден астам қаржы, білім беру саласына 104 млрд. теңге, денсаулық сақтау саласына 8,6 млрд. теңге, көлік және байланыс саласына 6,2 млрд. теңге қарастырылған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қаржы көлемі 2,8 млрд., әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздыққа 2,8 млрд., тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа 2,6 млрд., мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 2,4 млрд., қорғаныс саласына 1,2 млрд., өнеркәсіп және құрылыс саласына 240 млн. теңгені құрайды.
Алматы қаласының қарыздарын өтеуге 55,7 млн. теңге қарастырылған.