Жаза жүктеген полиция қызметкерлерінің арасында 200 офицер мен 45 сержант бар. Ішкі істер органдарынан 59 адам (29 офицер мен 30 сержант) жұмыстан шығарылды. Олардың арасынан бес офицер мен бір сержант бұл салада жұмыс істеуге лайықсыз деген себеппен шығарылды.
2004-жылы Ақтау қалалық ІІБ қылмыстарға қатысты 5814 өтініш пен хабарлама тіркеді, бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 1007-ге артық. Дейтұрғанмен, А.Қабыловтың айтуынша, кейбір бөлімдерде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы заңсыз қаулы шығару арқылы қылмыстарды жасырып қалу деректері шыққан. 2004-жыл қорытындысы бойынша осындай 20 қаулы шығарылған. Бұл деректер бойынша қылмыстық іс тек қалалық және облыстық прокуратураның араласуынан кейін ғана қозғалған.
Ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалау шараларының бірлескен қорытындысы бойынша қылмысқа қатысты өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау тәртіптерін бұзуға байланысты 2004-жылы ІІБ-ның 52 қызметкеріне тәртіптік жаза жүктелді. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің 10, қылмыстық полиция бөлімінің 10 қызметкері бар.
А.Қабыловтың айтуынша, 2005-жыл басынан бері ІІБ-ның 8 қызметкерінің үстінен 7 қылмыстық іс қозғалды.
Басқарма бастығы сонымен бірге қоғамдық тәртіп, қылмыстық полиция бөлімдерінің іс-қызметіне ауыр сын тағып, кәмелеттік жасқа жетпегендермен жұмыс жүргізу және заңсыз қару-жарақ сақтау мен заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстарды әшкерелеу жағдайына төмен баға берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша ІІБ бастығы қалалық тәртіп сақшыларының алдына бірнеше мақсат қойды. А.Қабыловтың пайымдауынша, бірінші кезекте тәртіп сақшыларының беделін көтеріп, қызметкерлер құрамын тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметтік-әскери тәртіпті нығайту, полиция қызметкерлерінің мәдени-интеллектуалдық деңгейін көтеру ісіне жұмылдыру қажет.