2004-жылы Батыс Қазақстан облысында бюджет түсімдері едәуір қысқарады деп күтілуде

Осыған байланысты облыс әкімі бюджет қаржысын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. Әкімнің мәліметіне жүгінсек, тек биылғы жылы қаржылық бақылау мекемелері жүргізген тексерулер нәтижесінде 25 млн. теңгеден астам қаржының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған.

ҚР қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы басшылығының өтінішімен облыстық бюджеттің орындалуына жыл сайын кешенді тексерулер жүргізеді. Осындай кезекті тексеру осы аптада басталды. Қырымбек Көшербаевтың атап көрсетуінше, қаржылық тәртіп бұзу деректері әшкереленген жағдайда кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолданылады.