Оның айтуынша, МБУ-125 бұрғылау қондырғысының біреуінің құны 680 млн. теңгені құрайды. Үш бұрғылау кешені өндірістік филиал кеніштеріне 2004-жылдың аяғына дейін жеткізілуі тиіс.
Д.Медеуовтың хабарлауынша, бұған дейін кеніштерде Ресейде өндірілген БУ-75 маркалы бұрғылау техникасы қолданылып келген. Мобиьльділігі төмен бұл қондырғыны құрастыруға 5-6 күн қажет. Ал МБУ-125 бұрғылау қондырғысын 2-2,5 тәулікте құрастыруға болады.
Д.Медеуовтың хабарлауынша, "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ААҚ 2003-жылы германияның "Бентек" фирмасымен бірлесіп МБУ-125 бұрғылау қондырғысының тәжірибелік үлгісін жасап шығарған. Тәжірибелік МБУ-125 үлгісінің көмегімен былтыр төрт ұңғы бұрғыланды.
Д.Медеуовтың айтуынша, алдағы уақыттарда Петропавл ауыр машина жасау зауыты мобильді бұрғылау қондырғыларын өз бетімен шығара бастайды.