2004-жылы мұнайға деген әлемдік сұраныс күніне 1,2 млн. баррельге өсіп, 79,6 млн. баррельге жетеді - Халықаралық энергетикалық агенттік

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, 2003-жылдың желтоқсан айында дүниежүзіндегі мұнай өндіру көлемі қараша айындағыдан 395 мың беррельге өсіп, 82,1 млн. баррельге жетті.

2003-жылдың желтоқсан айында ОПЕК-ке мүше елдер тәуліктік мұнай өндіру көлемін 195 мың баррельге арттырды. Халықаралық энергетикалық агенттіктен хабарлағанындай, желтоқсанда картельге мүше елдер мұнай өндіру көлемін 2001-жылдың наурыз айындағыдан бергі ең жоғарғы деңгейге, атап айтсақ, тәулігіне 27,9 млн. баррельге жеткізді.