2004-жылы оралмандардың басым бөлігін Алматы облысы қабылдайды

Оралмандардың басым бөлігі ҚХР (325 отбасы) және Өзбекстаннан (205 отбасы), сондай-ақ, Монғолия, Түркия, Түрікменстан және Ресейден көшіп келеді деп күтілуде.

Репатрианттар негізінен облыстың Ақсу және Райымбек аудандарында, Талдықорған маңында орналастырылмақшы.
Заңға сәйкес, республикалық бюджеттен оралмен отбасының әрбір мүшесіне үй сатып алуға 91,9 мың теңгеден, ал жәрдемақыға 9,1 мың теңгеден бір мәрте қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, оралмандардың көлік және кедендік шығындары өтеледі. Алайда, бұл мақсатқа бөлінетін қаржы 45 мың теңгеден артпайды деп күтілуде.