2004-жылы Қазақстан Каспий қайраңындағы бірқатар үміт күттіретін ауқымды құрылымдардағы барлау жұмыстарын өз күшімен жүзеге асыра бастайды

Келешегі бар кеніштер қатарында ҮР үкімет басшысы Ракушечное, Оңтүстік Жамбай, Сәтпаев сынды кеніштерді атады.

Осы орайда үкімет басшысы "2003-жылдың аяғында "ЛУКОЙЛ" ААҚ-мен келіссөздер аяқталып, Түпқараған кенішіндегі барлау және өндіру, Аташ кенішіндегі барлау жұмыстарын бірлесе жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылғанын" тағы бір еске салды.
"Қазір осындай келіссөздер "Роснефть" МК" ААҚ-мен арада да жүргізіліп жатыр",- деді Д.Ахметов. "Тұтастай алғанда, мұнайгаз саласындағы үкіметтің басты мақсаты - мұнай өндіруге қатысты барлық процесстерді пәрмендендіруге саяды". "Бұдан кейінгі орында мұнай және басқа да салалардағы кластерлердің негізін қалау құбылыстары жүзеге асырылуы тиіс",- деп пайымдайды үкімет басшысы