2004-жылы Қазақстан жолаушы тасымалдаушы жаңа ұшақтар сатып алмақшы

Осы орайда үкімет басшысы "еліміздің Бразилия ұшақтарын сатып алу мүмкіндігін, олардың дүниежүзіндегі ең таңдаулы ұшақтар екенін айғақтағанын" хабарлай отырып, "наурыз-сәуір айынан бастап олар еліміз аспанында аймақаралық бағыттарда ұша бастайды",- деп мәлімдеді.

Жаңа ұшақтар сатып алу қажеттігіне тоқталған үкімет басшысы 2004-2006-жылдарда "Як-40 үлгісіндегі барлық ұшақтардың ұшу ресурстары аяқталады, бұдан былай ондай ұшақтармен ұшу қаупі арта түспек",- деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, үкімет басшысының хабарлауынша, осыдан үш апта бұрын "Эйр Астана " компаниясы "Боинг-757" ұшағын сатып алған, ол 13-желтоқсаннан бастап Алматы-Лондон-Ганновер бағытында жолаушы тасымалдауға кіріседі. Сондай-ақ, үкімет басшысының мәліметіне жүгінсек, "Эйр Астана " алыс шетелдерге жолаушы тасымалдайтын тағы бір ірі фюзеляжды ұшақ сатып алуды көздеп отыр.