Тартылған ШТИ-ның көп бөлігі (6,5 млрд. доллардан астамы немесе жалпы түсім сомасының 77,6%-ы) Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын әзірлеу жөніндегі жобаларды қаржыландыруға бағытталды.
ШТИ-дың жалпы әкелінуінің салалық құрылымында мұнай мен табиғи газ өндіруге (ШТИ-дың жалпы әкелінуінің 63,5%-ы), геологиялық және барлау қызметіне (20,3%), сондай-ақ металлургия өнеркәсібіне (3,8%) инвестициялар басым болды. Тартылған қаржыландыруда АҚШ-тан инвесторлардың үлес салмағы 36,9, Нидерланд - 21,4%, Ұлыбритания - 11,0%, Қытай - 4,7%, Италия - 3,7%, Франция - 3,3%, Швейцария - 2,8% және Ресей - 2,3% құрады.