2004-жылы Қазақстаннан 320 адам қажыға барады

Қазақтан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметінен 20-қаңтарда хабарлады.

Қазір республикалық ұйымдастырушы компания қажылық сапарды ұйымдастыру жұмыстарын қолға алды. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, елімізден қажылық сапарға шығатын жандардың басым бөлігін Алматы тұрғындары құрайды. Сауд Арабиясы Қазақстан үшін биыл 500 адамға ресми квота бөлген.
Биылғы қажылық парызды өтеу мерзімі 1-4-ақпан аралығына сәйкеседі. Тәртіп бойынша, қажылыққа ниет еткен адамдар осыдан 10 күн бұрын Меккеге жетуі тиіс. Жолақы құны 2000 АҚШ долларын құрап отыр.
Қажылық парыз өтелгеннен кейін Қазақстан мұсылмандары 3 күнге созылатын Құрбан-айт мерекесін тойлайды.