Бұл туралы KZ-today тілшісіне дивизион командирі, үшінші ранглы капитан Талғат Төребаев хабарлады.
Т.Төребаевтың айтуынша, қазіргі таңда дивизионда 70 теңізші мен офицер әскери борышын өтеуде. Әскери теңізшілердің иелігінде 2 теңіз және 7 өзен катері бар. Дивизионның басты мақсаты - көршілес Ақтау облысынан Құрманғазы ауданыдағы Қиғаш өзеніне дейінгі аумақты алып жатқан Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік шекараны қорғау болып табылады.
Шекараны қорғаумен бірге, теңізшілер осы өңірдегі стратегиялық нысандарды , соның ішінде Аджип компаниясының бұрғылау қондырғыларын да қорғау міндетін атқарады.