"Алдағы жылы инфляция төмендейтіндіктен бұл несиелендіру ақысын 6-6,5 процентке дейін азайтуға мүмкіндік беретіндіктен бұл екінші деңгейдегі банктер үшін несиелік ресурстардың бағасын арзандатуға белгі болуы тиіс",- деді ол.
Ұлттық банктің бағалауынша, 2004-жылы доллардың теңгеге шаққандағы жылдық орташа бағамы 153,3 теңгені құрауы тиіс. "Бұл - таза индикативтік көрсеткіш түріндегі болжам",- деп атап көрсеткен Г.Марченко : "егер 2004-жылы тағы да биылғы жағдай қайталанып, валюта көлемі сұраныстан әлдеқайда арту ағымы байқалса, онда жылдық орташа бағам теңгенің нығаю жағына қарай түзетіледі",- деп атап көрсетті.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, "2004-жылы Қазақстанның алтын-валюта қоры үш айлық тауар және қызмет импортын қамтамасыз ететіндей деңгейде сақтала отырып, көлемі 6,3 процентке өседі деп күтілуде". Сондай-ақ, Ұлттық банктің бағалауынша, ақша массасының жылдық өсімі алдағы жылы 23-25 процентті құрауы тиіс.
2003-жылғы 21-қараша күнгі жағдаймен Қазақстанынң алтын-валюта қоры Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде 7 млрд. 932 млн. долларды құрады. Ал 2003-жылдың соңына дейін экономиканың монетизациялық деңгейінің өсімі 23 процентті құрауы тиіс. 2003-жылдың шілде айында Ұлттық банктің несиелендіру ақысы 7 процентке дейін азайтылды.