2005 жылдың қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ке өсті

Тұрақты өткізіліп тұратын азық-түлік тауарлары бағасының деңгейін байқаудың материалдары өткен аймен салыстырғанда ағымдағы жылдың қазанында жұмыртқа бағасының өсуі - 8,1%, сүт өнімдері бағасының өсуі - 3,2%, күріш бағасының өсуі - 2,2%, ет және құс еті бағасының өсуі - 0,9%, жарма бағасының өсуі - 0,6%, ал жемістер мен көкөністер бағасының төмендеуі - 1,4%, қант бағасының төмендеуі - 0,4% тіркелгенін көрсетті.

2005 жылдың қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 2004 жылғы қазанмен салыстырғанда 7,7%-ға өсті. Ет және ет өнімдері - 12,7%-ға қымбаттады. Бір килограмм шошқа етінің республика бойынша орташа алғандағы бағасы өткен айда 434 теңге болды, бұл өткен жылғы тиісті айдағыдан 97 теңгеге артық, жылқы еті - 470 теңге, бұл тиісінше 53 теңгеге артық, қой еті - 464 теңге, 41 теңгеге артық, сиыр еті - 389 теңге, 37 теңгеге артық.
Сүт өнімдерінің бағасы 10,7%-ға өсті. 2005 жылдың қазанында бір килограмм қаймақ 277 теңге тұрды, бұл 2004 жылғы тиісті айдағыдан 32 теңгеге артық, сүзбе - 227 теңге, 28 теңгеге артық, сарымай - 398 теңге, 11 теңгеге артық, шикі сүт - 49 теңге, 7 теңгеге артық.