Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқа 8,1%-ға, сүт өнімдері - 3,2%-ға, күріш - 2,2%-ға, ет және құс еті - 0,9%-ға қымбаттады. Жемістер мен көкөністедің бағасы - 1,4%-ға, қанттың бағасы - 0,4%-ға төмендеді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында киім және аяқкиімнің бағасы 1%-ға, үй тұрмысындағы заттардың бағасы - 0,6%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы - 0,3%-ға өсті. Бензин 13%-ға, дизель отыны - 12,3%-ға қымбаттады.
Білім беру мекемелерінің қызметтеріне ақы төлеу - 3,1%-ға, мәдениет қызметтеріне ақы төлеу - 1,1%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеу - 0,9%-ға, тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтеріне ақы төлеу - 0,7%-ға, жолаушылар көлігі қызметтеріне ақы төлеу - 0,6%-ға өсті.