2005 жылдың қыркүйегінде азық-түлік тауарларының бағасы 2004 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,2%-ке өсті. Ет және ет өнімдері - 13,4%-ке қымбаттады. Бір килограмм шошқа етінің республика бойынша орташа алғандағы бағасы өткен айда 430 теңге болды, бұл өткен жылғы тиісті айдағыдан 109 теңгеге артық, жылқы еті - 461 теңге, бұл тиісінше 47 теңгеге артық, қой еті - 462 теңге, 39 теңгеге артық, сиыр еті - 389 теңге, 36 теңгеге артық.
Сүт өнімдерінің бағасы 12,1%-ке өсті. 2005 жылдың қыркүйегінде бір килограмм қаймақ 266 теңге тұрды, бұл 2004 жылғы тиісті айдағыдан 33 теңгеге артық, сүзбе - 217 теңге, 27 теңгеге артық, сары май - 396 тенге, 17 тенгеге артық, шикі сүт - 46 теңге, 8 теңгеге артық.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті