Атап айтсақ, азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқа 7,8%, күріш - 3,9%, сүт өнімдері - 1,5%, ет және құс - 1,1%-ке қымбаттады. Жемістер мен көкөністердің бағасы - 2,8%, қанттың бағасы - 0,3%, ұнның бағасы - 0,1%-ке арзандады.
Азық-түлік емес тауарлар тобында киім мен аяқ киімнің бағасы 0,4%, тұрмыстық заттардың бағасы - 0,3%, жеке тазалық құралдарының бағасы - 0,2%-ке өсті. Бензин 8,6%, дизель отыны - 4,5%-ке қымбаттады.
Білім беру мекемелерінің қызметтеріне ақы төлеу 10,4% өсті. Баллондарда сатылатын сұйытылған газдың бағасы 3,8%-ке өсті. Мәдениет қызметтеріне ақы төлеу 0,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеу - 0,7%, жолаушылар көлігі қызметтеріне ақы төлеу - 0,3%-ке қымбаттады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті