2005 жылғы маусым айында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы номиналдық құнсыздануы 1,95%-ті, ал жыл басынан бері 3,84%-ті құрады

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.

Теңгенің АҚШ долларына бағамы динамикасының бағыты АҚШ валютасының нығаюымен сипатталған әлемдік валюта нарығының конъюнктурасына сәйкес келді.
Ай ішінде теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 доллар үшін 131,39 теңге - 136,0 теңге аралығында өзгерді. Маусым айында Қазақстан қор биржасындағы операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса алғанда мамыр айымен салыстырғанда 2 еседен астам ұлғайды және 1658,6 млн. доллар болды (жыл басынан бері - 5,1 млрд. долл.).
Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 7,3% ұлғайды және 1940,1 млн. доллар болды (жыл басынан бері - 8,3 млрд. долл.).