2005 жылғы маусымда инфляцияның жылдық көрсеткіші 7,9% болды

2005 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының нарығында қант 3,7%, көкөністер мен жемістер - 2,7%, ет және ет тағамдары - 0,7% қымбаттады. Жұмыртқаның бағасы 6,6%, сүт және сүт өнімдерінің бағасы - 2,6% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында жанармай бағасының өсімі 1,4%, дизель отынына 0,6% құрады. Сонымен бірге құрылыс материалдары - 2,1%, жеке тазалық тауарлары 0,4%, киім және аяқ киім, үйге қажетті заттар - 0,3% қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету 0,4%, денсаулық сақтау және білім беру саласында қызмет көрсету - 0,2%-дан, жолаушы көлігінің және мәдениет қызметі - 0,1% қымбаттады.
Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция 3,5% (2004 жылғы қаңтар-маусымда - 2,4%) құрады, азық-түлік тауарлары - 4,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 2,1%, ақылы қызмет көрсету - 2,8% қымбаттады.
2005 жылғы маусымда инфляция жылдық көрсетуде 7,9% болды (2005 жылғы мамырда - 7,8%).