2005 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы өнеркәсіп өндірісі көлеміне шолу

Өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі 10 облыста: Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында асып түсті.

Шикі мұнай өндіру Маңғыстау (8,9%), Ақтөбе ((8,7%), Атырау (2,1%) облыстарында, газ конденсатын өндіру Жамбыл (63,9%) және Батыс Қазақстан (60,1%) облыстарында өсті.
Қостанай облысында теміркенді шекемтастарды өндіру 5,9% кеміді, темір кендерін өндіру 8,7% артты.
Мыс кенін өндіру Қарағанды облысында өсті (13,3%), Шығыс Қазақстан облысында кеміді (5,3%).
Болат қорыту Павлодар облысында 30,2% өсті, ал Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында, тиісінше, 27% және 8,5% азайды.
Тазартылған мысты қорыту Шығыс Қазақстан облысында 2,2 есе артты, Қарағанды облысында 4,8% кеміді, өңделмеген мырышты қорыту Қарағанды облысында 24,4 есе, Шығыс Қазақстан облысында 2,9% артты.
Шығыс Қазақстан облысында жолаушыларға арналған жеңіл автомобильдер шығару 57,1% кеміді.
Сары май өндіру Оңтүстік Қазақстан (37,1%), Солтүстік Қазақстан (50,5%) облыстарында және Алматы қаласында (34,6%) өсті, ал көлемнің кемуі Астана қаласында (20%) және Ақмола (47,8%), Жамбыл (2,5%), Алматы (37,8%), Павлодар (1,8%) облыстарында тіркелді.
Тазартылған күнбағыс майын өндіру Ақтөбе (79,1%) және Шығыс Қазақстан (40,2%) облыстарында өсті.
Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру Алматы (7,4%) мен Жамбыл (4,3%) облыстарында өсті.
Электр энергиясын өндіру Қызылорда (2,1 есе) Ақтөбе (2,6 есе), Жамбыл (62,7%), Батыс Қазақстан (20%), Атырау (5,4%), Алматы (0,9%) облыстарында өсті, ал Ақмола (0,7%) және Шығыс Қазақстан (1,5%) облыстарында төмендеді.