2005 жылғы қаңтар-маусымда көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау қызметінің құны 0,5% қымбаттады

Ағымдағы жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанға қатысты заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметінің тарифтері 4,1%, электр байланысы - 4,5% төмендеді, ал ұлттық пошта қызметінің тарифтері 6% өсті. ТМД елдерімен халықаралық телефон байланысы қызметінің құны 20%-ке арзандады, ал республика ішінде сәлемдемелер жеткізу бағасы 20,4%, мерзімдік басылымды жеткізу бағасы 9,7% көтерілді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтерге тарифтер 3% өсті. Тарифтердің ең жоғары өсімі газеттерді басып шығару бойынша қызметтерге тіркелген - 17,7%, ал төмендеуі - мұнай мен газды өндірумен байланысты қызметтерге байқалды - 4,1%. Электр энергиясын тасымалдау бойынша қызметтер 15,2%, машиналар мен жабдықты жөндеу - 5,8%, тұтынушыларды бумен және ыстық сумен жабдықтау - 3,3%, суық суды бөлу - 1,5% қымбаттады.