2005 жылғы қаңтар-маусымда құрылыстағы бағалар 3,2% көтерілді

Ағымдағы жылғы алты ай ішінде құрылыс ұйымдары сатып алатын материалдар, бөлшектер және конструкциялар 1,3%, портландцемент 6,9%, қиыршықтас, кесілмелі материалдар 3,6-4%, терезе шынысы, керамзиттік малтатас, тауарлы бетон, болат металл конструкциялар 2,6-2,8%, қыш кірпіштер, құрылыс ертінділері 2%-дан, кәдуілгі пішіндегі асбестцемент табақтар, олифа, линолеум 1,3-1,5% қымбаттады. Әк пен қыш раковиналардың бағасы 1,1-1,3% төмендеді.

Республикада құрылыс материалдарының аттас түрлеріне бағалардың өңіраралық айырмашылығы сақталуда. Мәселен, ағымдағы жылғы маусымда бағалардың алшақтығы құрылыс құмына 5,2 есе, қыш кірпішке 3 есе, портландцементке 2 есе, терезе шынысына 1,5 есе құраған.