Құбыр көлігі қызметіне тарифтер тұтастай алғанда 1,1%, мұнай құбырының қызметіне - 1,8% қымбаттады, ал газды тасымалдауға тарифтер өзгерген жоқ. Автожол көлігінде жыл басынан бергі кезең ішінде жүк тарифтерінің өсуі 2,3% құрады. Алыс шетелдерге автомобильдермен жүк жеткізу қызметі 5%, ТМД елдеріне - 2,7%, республика ішінде - 1,4% өсті. Темір жол мен әуе көлігіндегі тарифтер деңгейі өткен тоғыз ай ішінде өзгерген жоқ.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйектегі заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметі 4,1% арзандады, бұл ТМД елдерімен халықаралық телефон байланысы қызметтеріне бағаның 20% төмендеуіне байланысты.
Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтерге тарифтер 2,9% өсті. Тарифтердің ең жоғары өсімі электр энергиясын тасымалдау мен газеттерді басып шығаруға 15% көлемінде тіркелді. Машиналарды және жабдықты жөндеу құны 5,7%, тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау - 3%, суық сумен жабдықтау 1,4% өсті, ал мұнай мен газ өндіруге байланысты қызметтер 3,2%-ке арзандады.