Азық-түлік тауарлары 0,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 1,8%, ақылы қызмет көрсету - 0,9% қымбаттады.
2005 жылғы қазанда азық-түлік тауарларына бағаның жұмыртқаға 8,1%, сүт және сүт өнімдеріне 3,2%, ет және ет тағамдарына - 0,9%, балық және теңіз өнімдеріне 0,9% өскені тіркелді. Жеміс-жидек өнімдеріне баға 1,4% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бағаның негізгі өсімі бензинге -13,0% (жыл басынан бері өсу 24,0%), дизель отынына- 12,3% және мазутқа 10,0% көтерілуінен болды. Бұдан басқа, киім мен аяқ киім - 1,0%, үйдің керек-жарақтары - 0,6%, жеке гигиена тауарлары және маталар - 0,3% қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саласының қызмет көрсетуіне бағаның өсуі, ең бастысы, газбен жабдықтаудың - 3,8% және тұрғын үйді ұстау - 0,8% көтерілуі нәтижесінде 2005 жылғы қазанда 0,7% құрады. Сондай-ақ білім беру саласында - 3,1%, мәдениет мекемелерінің қызметтері - 1,1%, денсаулық сақтау қызметтері - 0,9%, көлік қызметін көрсету - 0,6% қымбаттады.
Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция - 6,0% құрады (2004 жылғы қаңтар-қазанда- 4,9%), азық-түлік тауарлары - 5,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 5,9%, ақылы қызмет көрсетулер - 7,3% қымбаттады.
2005 жылғы қазан айында инфляция жылдық көрсетуде 7,9% болды (2004 жылғы желтоқсанда - 6,7%).