Атап айтсақ, банктердің өтімді қаражаттарды банкаралық теңгелік депозиттерге орналастыру жөніндегі белсенділігінің артқаны байқалады. Бұл ретте орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттердің көлемі тамыз айымен салыстырғанда 324,5 млрд. теңгеге дейін 64,5% ұлғайды. Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттер бойынша орташа алынған ставка тамыз айымен салыстырғанда біршама төмендеді (1,95%-дан 1,88%-ке дейін).
Банкаралық валютамен қарыз алу нарығында банктердің белсенділігінің артты. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында долларлық депозиттер 11,6 млрд. АҚШ долларына орналастырылды, бұл тамыз айындағы операциялар көлемінен 62,2% көп.
Долларлық депозиттер бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы 2005 жылғы қыркүйек айында тамыз айындағы 3,47%-дан 3,66%-ке көтерілді.
Банкаралық қарыз алудың қалған түрлері бойынша операциялар шамалы көлеммен жүргізілді.