Министрдің ақпаратына сүйенсек, бұл мақсатқа 1269,1 млн. теңге бөлінеді. 2006-жылдан бастап диспансерде тіркеуде тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көзделген. Бұл мақсатқа 2006-жылы 1046,6 млн. теңге бөлінеді. Е.Досаевтың айтуынша, "азаматтарды дәрі-дәрмектермен тегін және жеңілдетілген бағаға қамтамасыз ету - дүниежүзінде мойындалған тәжірибе және ол ауруханаға себепсіз жатқызбауға әсер ететін ең ықпалды тетіктердің бірі".
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, ана мен баланың денсаулығын қорғау саласында денсаулық сақтау министрлігі "балаларға жоғары сапалы дәрігерлік көмек көрсетуді дамытуға, тұқым қуалайтын және туа біткен дерттерді тумай тұрып анықтайтын скринингтік бағдарламаларды енгізуге бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актілер жобасын жасады". Сонымен бірге балаларға арналған және перзентхана ұйымдарын дәрігерлік жабдықтармен қамтамасыз етуге мақсатты трансферттер бөлу межеленген. Е.Досаевтың айтуынша, бұл жұмыс 2008-жылы аяқталады.
Мемлекеттік бағдарлама аясында "еліміз тұрғындары жаппай тегін профилактикалық дәрігерлік байқаудан өту мүмкіндігіне ие болады",- деді министр. Мәселен, 2005-жылы 20-34 жас аралығындағы бала туу қабілеті бар әйелдер, 2006-2007-жылдарда 49 жасқа дейінгі барлық әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балалар, 2008-2010-жылдарда еліміздің басқа тұрғындары жаппай тегін профилактикалық дәрігерлік байқаудан өтеді.