2005-жылдың 7 айында ҚазМұнайГаздың кірісі 22,1 процентке артты

Компания жылдың аяғына дейін 525 млрд. теңге пайда табуды көздеп отыр.

2005-жылдың қаңтар-шілде айларында өз қаржысы есебінен 55,9 млрд. теңге, оның ішінде өндіріске 50,9 млрд. теңге инвестиция салды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Компания 2005 жылы түрлі жобаларға 163,6 млрд. теңге көлемінде қаржы салмақ.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына бағынышты, еншілес компаниялар 2005 жылдың қаңтар-шілде айында Қазақстан Республикасының бюджетіне жалпы сомасы 72,5 млрд. теңге салық құйды.