Халық санының өсуі туу мен көшіп келудің көбеюі есебінен болғаны сияқты, көшіп кетушілердің азаюынан да болды.
Республика халқы саны өсімінің 85% табиғи өсім есебінен (92,7 мың адам) және 15% - көші-қон өсімі есебінен (16,3 мың адам) болды. Осы кезең ішінде халық санының жалпы өсімі 9 облыста және Астана мен Алматы қалаларында байқалды. Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (32,2 мың адам), Алматы облысында (13,2 мың адам ), Алматы және Астана қаласында (тиісінше (23,0 мың және 16,6 мың адам), ал халық санының ең көп азаюы Шығыс Қазақстан (-8,0 мың адам), Солтүстік Қазақстан (-3,5 мың), Қостанай
(-2,6 мың) және Ақмола (-1,8 мың) облыстарында болды. 2005 жылдың 1 қазанына қала тұрғындарының ең көп үлес салмағы Қарағанды (облыс халқының жалпы санының 83,8%), Маңғыстау (75,9%) және Павлодар (65,6%) облыстарында, ал ауыл тұрғындарының ең көп үлес салмағы - Алматы (70,2%), Солтүстік Қазақстан (65,9%) және Оңтүстік Қазақстан (59,9%) облыстарында болды.
2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қалалық елді мекендердегі халық саны 94,3 мың адамға, ал ауылдық жерде 14,7 мыңға өсті.
Қала халқының өсуі, Шығыс Қазақстан (қала халқы 3,2 мың адамға немесе 0,4 %-ға азайды) облысын қоспағанда, барлық облыстарда байқалды. Қала тұрғындарының ең жоғары өсімі Астана және Алматы қалаларында - тиісінше 3,1%-ға және 1,9%, сондай-ақ Маңғыстау (2,4%), Атырау (2,1%), және Ақтөбе (1,3%) облыстарында байқалды. Ауыл тұрғындары санының ең жоғары өсімі Маңғыстау (2,9%-ға), Оңтүстік Қазақстан (1,7%-ға), Жамбыл (0,9%) және Алматы (0,8%) облыстарында байқалды. Ауылдықтар санының төмендеуі Қарағанды (2%-ға), Павлодар мен Қостанай (1,6%-ға), Ақмола (1%-ға), Солтүстік Қазақстан (0,9%-ға) және Шығыс Қазақстан (0,8%) облыстарында байқалды.
2005 жылдың 1 қазанына республикадағы ауыл халқының ең көп саны Оңтүстік Қазақстан (республикадағы ауыл халқының жалпы санының 20,6%), Алматы (17,4%), Шығыс Қазақстан (9%), Жамбыл (8,5%), Солтүстік Қазақстан (6,7%) және Қостанай (6,2%) облыстарында тұрады.
Осы кезеңге дейін елдің бес өңірі тұрғындар саны бойынша "миллиондықтар" қатарына жатты, олардың қатарына Жамбыл облысы да қосылды, бұл облыста ағымдағы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша халық саны 1 млн. 13 адамды құрады.