2005-жылдың алғашқы жартысында "ҚазМұнайГаз" ҰК-ның табысы 25,4 процентке артты

Компания қарқынды инвестициялық саясат жүргізуде. Өз қаржысы есебінен 35,8 млрд. теңге, оның ішінде өндіріске 32 млрд. теңге инвестиция салды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе көп. Компания 2005 жылы түрлі жобаларға 154,9 млрд. теңге көлемінде қаржы салмақ.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына бағынышты, еншілес компаниялар 2005 жылдың қаңтар-маусым айында Қазақстан Республикасының бюджетіне жалпы сомасы 62,7 млрд. теңге салық құйды.