2005-жылдың алғашқы жартысында республикалық бюджетке 150 млрд. теңгенің кедендік төлемдері аударылды

Б.Сапарбаевтың айтуынша, 2005-жылдың алғашқы жартысында 2 млрд. теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен енгізуге жасалған әрекеттерге тосқауыл қойылды. 428 қылмыстық, 8880 әкімшілік іс қозғалып, соған сәйкес 2,3 млрд. теңге мемлекеттік кіріс есебінде өндіріп алынды.

"2005-жылдың алғашқы жартысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 112 дерек, соның ішінде 61,6 кг героин, 44,5 кг апиын әшкереленді",- деді Б.Сапарбаев. " Еліміз арқылы өтіп кеткен контрабандық тауар Ресей аумағында әшкереленіп жататындықтан, жұмыс сапасын әлі де жақсарта түсу қажет",- деді ол.
Комитет төрағасы сонымен бірге 2005-жылдың алғашқы жартысында жиналмай қалған кедендік төлемдер мен салық көлемі 3 млрд. теңгені құрағанын хабарлады.