2005-жылдың қаңтар айында Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтар көлемі 19,3 процентке азайды

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2005-жылдың қаңтар айында Қазақстан қор биржасының шетелдік валюталар секторында 552 млн. АҚШ долларының , 2,28 млн. евроның , 15 млн. ресей рублінің биржалық операциялары жүзеге асырылды.

Биржадағы орташа айырбас бағамы қаңтар айында мынадай болды: 1USD - 129,99 теңге, 1EUR - 169,80 теңге, 1RUR- 4,64 теңге.