Өткен айда бағаның ең көп өсуі кен өндіру өнеркәсібінде - 7,5%, өңдеу өнеркәсібінде -2,1%, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 2,5% тіркелді.
Өндіруші-кәсіпорындардың энергия ресурстарының бағалары мен тарифтері тұтастай 7,2% өсті. Әлемдік рыноктардағы мұнайдың қымбаттауы оны республикада өндіру бағасының 8,7%-ке өсуіне ықпал етті. Газ конденсаты - 17%, көмір - 1,8%, жылу энергиясы - 1%, табиғи газ - 0,6%-ке қымбаттады, мұнай өнімдері - 2,3%, электр энергиясы - 0,1%-ке арзандады.
Металлургия өнеркәсібіндегі баға қара металдарға - 3,9%, ферроқорытпаларға - 5,8%, түсті металдарға - 4,6% қымбаттауына байланысты 4,5%-ке өсті, бұл осы металдардың әлемдік рыноктардағы бағасы бойынша серпін көрінісі болып табылды. Өндірушілердің өңделмеген алюминийінің бағасы бір айда - 6,8%, мыстың бағасы - 5,2%, мырыштың бағасы - 4,8%, қорғасынның бағасы - 3%, қымбат металдардың бағасы - 1%-ке өсті.
Республикада дайындалған азық-түлік тауарлары бағасының өсуі мал етінің - 3,3%, одан жасалған өнімдердің - 2,6%, жаңа піскен нанның - 0,6% және қанттың - 0,3%-ке қымбаттауы есебінен 0,2% құрады. Ал жарманың бағасы, керісінше, 6%, бидай ұнының бағасы - 1,3%, сүт өнімдерінің бағасы - 0,5%-ке төмендеді.