"Алдын-ала есеп бойынша, бюджеттің шығыс бөлігі 100 млрд. теңгеге ұлғайтылуы мүмкін",- деді ол. Қ.Келімбетов республикалық бюджеттің тапшылығы да ұлғайтылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. "Тапшлыық туралы сөз қозғау әзірге ерте",- деді министр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Даниал Ахметов Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға байланысты биылғы жылдың бюджеті қайтадан қаралуы мүмкіндігін айтқан болатын.
"Өзгерістер мамыр айында бюджетке енгізілуі тиіс",- деді Д.Ахметов.