"Биылғы жаңа макроэкономикалық параметрлерді баршамыз бірлесе бекіттік. Олар жоғары көрсеткіштер. Ал кейбір көрсеткіштердің төмендеуі алдағы жылға арналған мұнай өндіру бағдарламасына сәйкес мұнай өндіру қарқыны 9,4 проценттен 5,1 процентке дейін кемитініне байланысты",- деді депутаттар сауалына жауап берген Д.Ахметов.
Оның айтуынша, бұл "2005-жылы Каспий қайраңындағы бірқатар ірі кеніштерде ауқымды дайындық жұмыстары жүзеге асырылуына байланысты". Сонымен бірге оның айтуынша, алдағы үш жылда мұнай өндіру көрсеткіштері артады.
"Үкіметті 2005-жылғы Жалпы ішкі өнімнің өсім қарқынын төмендете есептеуге мәжбүр еткен екінші басты себеп - түсті металл бағасының өсім қарқынының төмендей бастауы болмақ",- деді ол. Дейтұрғанмен, "үкімет Жалпы ішкі өнімнің 9 проценттік өсім қарқынына міндетті түрде қол жеткізіледі дегенге сенімді".
Үкіметтің жоспарлауынша, 2005-жылғы Жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны 2004-жылғы 9 проценттің орнына 7,9 процентті құрамақ.