2005-жылы Алматыдағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға жергілікті бюджеттен 70 млн. теңге бөлінеді

Алматыдағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жөніндегі бағдарлама үшінші шақырылған қалалық мәслихаттың ХҮ сессиясында бекітілген. Бағдарламаның мақсаты - азаматтық қоғамның бір құрамды бөлігі ретінде бейресми ұйымдардың қарқынды дамуына жағдай жасау, мемлекеттік билік тарапынан қолдау және өзара ықпалдастық негізінде олардың әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге атсалысу ролін күшейтуге түрткі болуға саяды.